ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ » «№125 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№125 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-28-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
16
апрель
2019

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Жаңартылған  бағдарлама – білім мен тәрбие берудегі табысты болашақ кепіліШымкент қалалық білім басқармасы Ғылыми әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ЖАҢАРТЫЛҒАН   БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» тақырыбында 16.04.2019ж.күні №59 жалпы орта білім беретін мектептің базасында қалалық  семинар өтті. 
№59,№83,125 жалпы орта білім беретін мектептерінің мұндағы мақсаты жаңартылған білім беру әдістерін оқу - тәрбие процесінде тиімді пайдалану арқылы қауымдастық ынтымақтастық орнату мен педагогикалық қауымдастық жұмысын жандандыру арқылы мұғалім көшбасшылығын дамыту. Семинар бағдарламасы IV бағыт бойынша өткізілді. Олар: І.«Тарихи терең білім ордасы» - мектеп тарихымен таныстыру ІІ. Кіріктірілген сабақтар - жаңа мазмұнда оқытудың тиімді тәсілі ІІІ. Қазақ тілін дамыту, ағылшын тілін үйрету IV.Семинарды қортындылау.
Семинарға Шымкент қаласы мектептерінің мектеп басшылары, директордың оқу – тәрбие әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері және жалпы орта мектептің ұстаздары   қатысты. Келген қонақтар мектептердің тарихымен танысып, технология пәні мұғалімдерінің жұмыстарымен танысып, мектептің акт залында концерттік бағдарламаны  тамашалады. Концерттік бағдарлама семинар бағдарламасымен таныстырды.
 Қонақтар білім берудегі тәжірибесі мол үздік ұстаздардың ашық сабақтарына еніп, білім берудегі шеберліктерімен шәкіртіне деген сүйіспеншілігін оның тұлға ретінде бағалауын көз жеткізді. Бүгінгі іс-шарада алған әсерлерімен бөлісті. Өтілген ашық сабақтар бойынша талдау, тәжірибе алмасу, кері байланыс беру үшін қайта жиналып, бүгінгі семинарды қорытындылады. Семинардың жоғарғы деңгейде өткендігін, өздеріне көптеген қажетті дүниелер алғандарын айтып, өз жүрек жарды тілектерін жеткізді. Семинарды қорытындылай келе, Шымкент қалалық білім басқармасының ғылыми-әдіскерлері Ахметова Гүлнар Сатыбалдықызы және «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе мен мектеп басшылары келген қонақтарға алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. Үштік білім ордасының басшылары ата, бала, немере болып қауымдастықтың берік екендігін көрсетті. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген ұла қазақтың  айтқан сөзінің дәлелі болды.

Похожие публикации:

23 апрель 2019 Жас өнерпаз
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив