Жеңіс мерекесіне орай » «№125 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№125 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-28-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2019

Жеңіс мерекесіне орай

Шымкент қаласы №125 жалпы орта білім беретін мектебінде Жеңіс мерекесіне орай тыл ардагерлерімен кездесу, сұхбаттасу жұмыстары басталды.
Осы мақсатта 15 сәуір күні 8 «Г» оқушылары тыл ардагері Абдурахманов Әшірбек ағайдың үйіне барды.
Абдурахманов Әшірбек Қызылорда облысы Шілік ауданы Екпінді ауылында 1922 жылы дүниеге келген. 1941 жылы әскерге шақырылған, Хабаровск қаласында 1942 -1944 жылдары қызыл сызықта тұрып фашистерден Отанын қорғаған.
1945 жылы жеңісті Хабаровск қаласында қарсы алған. Бейбітшілік күндері жұмыс істеп «Стахановец»-атағы берілген. Бүгінгі таңда Қайнарбұлақ саяжайында балалары, немерелерімен бірге тұрады.
Оқушылар көкейіндегі сұрақтарға жауап алған соң, Әшірбек ағайдың ауласын жинасуға, жер аударыға өз қолғабыстарын берді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив