Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым » «№125 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№125 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-28-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым
18
апрель
2019

Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым

Шымкент   қаласында тілдерді қолдану мен дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған  жоспарына  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының жоспарына орай «Ана тілі мен отбасы» байқауына №125 жалпы білім беретін орта мектебіде қатысты.
           18.04.2019ж. күні Шымкент қаласы №125 жалпы  орта білім беретін мектебінде «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» тақырыбында мектебіміздің белсенді ата-аналары  мен 3-9 орыс сыныбының оқушылары қатысты. Іс - шараның мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету мен ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру. Іс-шараға Шымкент қалалық  Тілдерді оқыту-әдістемелік  орталығының әдістемелік кеңесі төрайымы Балатагүл Әжібекқызы Бағысбаева, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр  орталығының ғылыми ағартушылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлаш Жаханқызы, Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесінің директоры Жанар Иманқұлқызы Сауғамбаева, Тілдерді оқыту - әдістемелік орталығының директоры Нұрила Серікбайқызы Жұманова  қатысты. Келген қонақтар ашылғанына бір жыл болған жаңа білім ордасындағы «Абай әлемі» бұрышы мен мектебімізде  ашылған  «Қайнарбұлақ» телеарнасын тамашалап, «Ауылым алтын бесік» дәлізіндегі «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» бағдарламасымен жалғасын тапты. Бағдарлама соңында қонақтарымыз бен мектебіміздің директоры Әсет Әбдінәбиұлы қорытынды сөз айтып, оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлегеніне  тәнті болды. Тілдерді оқыту - әдістемелік орталығының директоры Нұрила Серікбайқызы Жұманова  оқушылармен қазақ тілінде «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұқпат жүргізді, білім беру жолында ұстаздардың шәкіртке деген сүйіспеншілігін шәкірттердің қазақ тіліне деген махаббатын, оның тұлға ретінде бағалауына көз жеткізді.  Қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының ұйымдастырған «Ана тілі мен отбасы» байқауына қатысып, іс-шарада алған әсерлерімен бөлісті. Өтілген   іс-шара  бойынша талдау, тәжірибе алмасу, кері байланыс беру үшін қайта   жиналып, «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» атты іс-шарға қорытынды жасалды. Олар байқауды  жоғарғы деңгейде өткендігін, ескірген салт – дәстүрлерді жаңғырту бойынша ұсыныстар айтты. Іс-шараны қорытындылай келе, Шымкент қалалық   Тілдерді оқыту-әдістемелік   орталығының әдістемелік кеңесі төрайымы Балатагүл Әжібекқызы Бағысбаева, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр  орталығының ғылыми ағартушылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлаш Жаханқызы, Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесінің директоры Жанар Иманқұлқызы Сауғамбаева, Тілдерді оқыту - әдістемелік орталығының директоры Нұрила Серікбайқызы Жұманова  мектеп басшысына, қазақ тілі ұжымына, ата-ана мен оқушыларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив