Отбасы-тәрбие басы мектеп-тәрбие жаршысы
25.10.2019 жылы сағат 12:00 де Өз отбасының тарихын зерттеу: отбасылық жәдігерлер, отбасы мүшелерінің мамандықтары, ата-аналар, әжелер, аталар. Бұл бағыт оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу бойынша басты бағытын іске асыру мақсатында «Менің отбасым - супер отбасы!», «Менің отбасымдағы жеңістер», «Отбасы, бұл сенімен мәңгі» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Атап айтқанда 1-4 сыныптар үшін ұсынылатын шаралар: «Менің қымбатты және сүйіктілерім», «Бақытты адам өз үйінде бақытты» отбасылық фотосуреттер көрмесі, отбасылық құндылықтар, салт-дәстүрлер, мерекелер туралы фильмдер мен бейнематериалдар көрсетілді.
5-8 сыныптар үшін: «Менің отбасымның тарихы», «Менің отбасымның фотосууреттердегі тарихы» табысты адамдармен кездесулер «Отбасымен достарымен» «Отбасындағы бос уақытты өткізу дәстүрі» «Менің сүйікті туыстарым» фотокөрмесі, «Отбасы ошағының жылуы» «Отбасы кішкентай ел», «Кітап - із қалдырады» отбасылық құндылықтар туралы білімдерін тереңдетуге арналған диспуттар өткізілді.
9-11сыныптар үшін: «Менің шежірем», «Кітап сөресіндегі отбасы», «Отбасының рухани құндылықтары», «Генеалогиялық ағаш», «Отбасылық альбомға көз салыңыз», «Менің отбасымның естелік күндері» атты өз отбасылары туралы әңгіме - презентациялар жүргізілді.
Өз отбасының тарихын зерттеу: отбасылық жәдігерлер, отбасы мүшелерінің мамандықтары, ата-аналар, әжелер, аталар. Бұл бағыт оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу бойынша басты бағыт болып табылады. Аталған сынып жетекшілер белсенділік танытып отбасының қандай қымбат екендігін оқушыларға жеткізе білгендей сезімде болды оқушылар.





























